Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Байденнің соңғы бүліктерді қолдауына реакция білдірді
(last modified Sun, 16 Oct 2022 15:18:28 GMT )
Қаз 16, 2022 21:18 Asia/Almaty
  • Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Байденнің соңғы бүліктерді қолдауына реакция білдірді

Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы АҚШ Президентіне қаратып, Иранның ерік күші әлсіз әрі шаршаған саясаткердің ішкі іске араласушы сөздеріне мән беруден әлдеқайда жоғары екенін айтып: «Сіздің әдетіңіз – лай судан балық аулау. Бірақ есіңізде болсын: бұл – Иран, айбынды ерлер мен әйелдердің жері»,-деді.

Насер Канани Чафи жексенбі күні Инстаграм парақшасында АҚШ Президенті Джо Байденнің Иранда соңғы күндері болған бүліктерге қатысты ішкі іске араласушы сөздеріне реакциясында: «Байденнің сөздері де, АҚШ-тың ішкі іске араласушылықтары да ешқашан Иранды таңқалдырған емес. Өйткені ішкі іске араласу, басқыншылық пен қырып-жою – АҚШ жүйесінің шынайы болмысы. Бірақ Иран халқы тарихтың тереңінен тамыр тартқан»,-деп жазды.

АҚШ Президенті Джо Байден сенбі күні өз мәлімдемесінде: «Ирандықтардың Махса Аминидің өліміне реакциясы таңданыс тудырады»,-деді.