Иран командасы грек-рим күресінен əлем чемпионатында жеңімпаз атанды
https://itolqyn.com/news/world-i64900
Иранның "Үміт" палуандар командасы грек-рим күресінен əлем чемпионатында жеңімпаз атанды.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаз 20, 2022 14:46 Asia/Almaty
  • Иран командасы грек-рим күресінен əлем чемпионатында жеңімпаз атанды

Иранның "Үміт" палуандар командасы грек-рим күресінен əлем чемпионатында жеңімпаз атанды.

23 жасқа дейінгі палуандар арасындағы əлем чемпионаты өткен дүйсенбіде Испанияда басталып, сəрсенбі күні кешке 5 салмақ категориясында финал кездесулерін өткізумен аяқталды. 

Иран командасы 3 алтын жəне 3 қола жүлде алып, əлем чемпионы атанды. Грузия 101 ұпай жинап, екінші орын алса,  Түркия 93 ұпаймен үшінші орынға табан тіреді.

Иран Президенті хат жолдап, спортшыларды жеңіспен құттықтады.