Иран мен Түркия газ экспорттау туралы жаңа келісімге қол қойды
(last modified Sun, 23 Oct 2022 13:16:55 GMT )
Қаз 23, 2022 19:16 Asia/Almaty
  • Иран мен Түркия газ экспорттау туралы жаңа келісімге қол қойды

Иранның ұлттық газ компаниясының диспетчер бөлімінің басшысы Түркияның "Боташ" компаниясының өкілдерімен жиналыс өтіп, газ экспорттау көлемін арттыру туралы жаңа келісімдер жасалғанын хабарлады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Мұхаммедреза Джоулани: "Келісім бойынша, Иран газын Түркияға экспорттаудың барлық техникалық жұмыстары алдағы 6 айда қос тараптың үйлестіруімен жүзеге асырылатын болады",-деді.

Сонымен қатар келісім бойынша Иран мен Түркия арасындағы газ құбырын жөндеу, катодтық қорғанысты қамтамасыз ету және сыртын қаптау жұмыстары, тексерушілердің бекетін жаңарту және газ экспорттауға қатысты басқа да істер атқарылатын болады.