Румыниядағы Сауд Арабиясының елшісі қылмыс жасады
(last modified Fri, 29 Apr 2016 12:56:30 GMT )
Сәу 29, 2016 18:56 Asia/Almaty
  • Румыниядағы Сауд Арабиясының елшісі қылмыс жасады

Бірқатар ақпарат тораптары Румыниядағы Сауд Арабиясы елшісінің румыниялық бір бойжеткенді зорлап, содан соң оны өлтіргенін хабарлады.

«Asharq Al-Awsat» газетінің ақпарат торабы бейсенбі күні Румьниядағы Сауд Арабиясының елшісі Ибрахим Абдррахман әр-Расидің өзінің румыниялық хатшысын зорлап, содан соң оны өлтіргенін жазды.

Осы мәлімет бойынша, Румыния СІМ Саудия елшісін шақыртып, оны Бухаресттегі Сауд Арабиясы елшілігінде хатшы болып қызмет атқарған 25 жастағы Ивана Вилсиконы зорлады деп айыптады.

Румынияның сот экспретизасы құрбан болған қыздың зорлауға ұшырап, содан соң белбеумен тұншықтырылғанын мәлімдеді.

Осы мәлімет бойынша, Румыния СІМ Сауд Арабиясының дипломатиялық өкілдігіне осы елден кетуге екі тәулік уақыт берген.

Бухаресттегі Сауд Арабиясы елшісінің резиденциясында қызмет атқарған румыниялық тағы бір қызметші де үстіміздегі жылы соққыға жығылып, зорланған болатын.

Тегтер