Германия канцлерінің орынбасары Теһранға келеді
(last modified Fri, 29 Apr 2016 13:09:46 GMT )
Сәу 29, 2016 19:09 Asia/Almaty
  • Германия канцлерінің орынбасары Теһранға келеді

Германия канцлерінің орынбасары мен осы елдің Экономика және энергия министрі Иран мен Германияның бірлескен экономикалық комиссиясына қатысу үшін Теһранға келеді.

Теһрандағы Германия елшілігі Зигмар Габриэльдің мамыр айының 2-3 күндері Иран мен Германияның ортақ экономикалық комиссиясының бесінші отырысына қатысу үшін Теһранға сапармен келетініні хабарлады.

Германия канцлерінің орынбасары осы сапар барысында Иранның Экономика және қаржы министрі Әлиреза Тайебниямен, сондай- ақ екі елдің ортақ экономикалық комиссиясының өзге мүшелерімен кездесіп, әңгімелеседі.

Бұл Иран мен «алтылық» елдерінің 2015 жылдың шілде айында жасалған ядролық келісімінен кейінгі Германия канцлері орынбасарының Иранға екінші рет жасайтын сапары болып табылады.