Сәу 29, 2016 19:21 Asia/Almaty
  • Зариф: Американың ішкі сот мекемелерінің үкімдері халықаралық тәртіп пен құқыққа қарсы қоқан-лоққы

Иран Сыртқы істер министрі БҰҰ- ның бас хатшысына жолдаған хатында Американың ішкі сот мекемелерінің Иран халқының активтеріне қарсы қабылдаған үкімдерін халықаралық құқыққа қарсы қоқан-лоққы деп атады.

БҰҰ- дағы Иранның тұрақты өкілі бейсенбі күні Пан Ги Мунға табыс еткен осы хатта Мұхаммад Джавад Зариф «Америка өзінің өшпенді саясатынан туындаған өтемақыларды Иран халқына төлеуі тиіс. Америка соңғы бірнеше жылда рұқсат ету арқылы және шын мәнінде жеке шағымданушыларды Американың ішкі сот мекемелерінде шетелдік үкіметтерге, атап айтқанда Иран ислам республикасына қарсы шағым түсіруге арандату арқылы халықаралық тәртіп пен құқыққа қиындық тудырып, қауіп төндіріп отыр.

Американың Атқарушы билігі Иранның активтерін заңсыз түрде бұғаттаса, сол елдің Заң шығару билігі осы байлықтарды тәркілеуді бекітіп, соңында Американың Сот билігі аталмыш байлықты тәркілеу үшін негізсіз әрі шындыққа жанаспайтын үкім шығарады.

Иран ислам республикасы АҚШ үкіметін сот үкімін жамылған осы ұятты ұрлыққа жауапты деп санап, тоналған мал- мүлкі мен оның өсімін қайтарып алу үшін барлық заңды тәсілдерді қолдануға бекем бел буып отыр» деп қуаттады.

Тегтер