Қаз 30, 2022 20:42 Asia/Almaty
  • Оңтүстік Кореядағы Хеллоуин оқиғасында 4 ирандық көз жұмды

Оңтүстік Кореядағы Иран елшілігі Сеулде болған Хеллоуин оқиғасында 4 ирандықтың көз жұмғанын хабарлады.

Сенбі күні кешке Сеул көшелерінің бірінде Хеллоуин тойлауға жиналған халық арасында кептеліс болып, соның салдарынан кемінде 151 адам қаза тауып, 150-ден аса адам жараланды.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Оңтүстік Кореядағы Иран елшілігі мәлімдеме таратып: "Кеше кешке Сеулде өткен Хеллоуин мерекесінде қаза болған ирандықтар саны 4 адамға жетті. Жарақат алған бір ирандыққа амбулаторлық қызмет көрсетілді",-деп хабарлады.  

 

Тегтер