Оңтүстік Корея президенттігіне бұрынғы үміткерге белгісіз біреу шабуыл жасады
(last modified Tue, 02 Jan 2024 13:52:56 GMT )
Қаң 02, 2024 19:52 Asia/Almaty

Оңтүстік Корея президенттігіне бұрынғы үміткер белгісіз біреудің шабуылынан жарақат алды.

شد.

Бүгін (сейсенбі) жергілікті уақыт бойынша Демократиялық партияның жетекшісі және Оңтүстік Кореядағы президенттік сайлауға бұрынғы үміткер Ли Чжэ Мён суық қарумен шабуылдаушының нысанасына түсіп, мойнынан жараланды.

Демократиялық партия Оңтүстік Корея үкіметінің ең маңызды оппозициялық партиясы болып табылады және оның жетекшісі Ли Чжэ Мён өткен жылы 2023 жылғы президенттік сайлауға үміткер болды, бірақ ол бұл бәсекеде консерватор және осы елдің қазіргі президенті Юн Сук Ёлға жеңіліп қалды.

Ли Джэ Мён шабуылдан кейін ауруханаға жеткізілді.

Шабуыл жасаушы қамауға алынды, оның себебі туралы әзірге хабар жарияланған жоқ.