Ақп 10, 2024 21:17 Asia/Almaty
  • Ким Чен Ын Оңтүстік Кореяны басып алумен қорқытты

Бұл елдің Қорғаныс министрлігінде сөйлеген сөзінде Солтүстік Корея басшысы «қажет болса, тіпті Оңтүстік Кореяны басып аламын» деп қорқытты.

 

Солтүстік Корея басшысы ескертулерін жалғастырып: «Егер Пхеньянның жаулары елге қарсы әскери күш қолдануға батылы барса, Солтүстік Корея «тарихты өзгертетін батыл шешім қабылдайды»,- деді. Елдің барлық қарулы күштері мен әскери техникасын жұмылдырудан тартынбайтынын айтқан Ким Солтүстік Корея армиясының соғысты болдырмау және бейбітшілікті сөзсіз қорғау үшін күшейе түсуі керектігін айтты.

Өткен аптада Оңтүстік Кореяның Біріккен штаб бастықтары жұма күні Пхеньян әскері Сары теңізге бірнеше қанатты зымыранды атқылағанын хабарлады.   

Тегтер