Қар 07, 2022 15:39 Asia/Almaty
  • Иран еркін күрестен әлем чемпионатында жеңімпаз атанды

Иранның еркін күрестен ұлттық командасы әлем чемпионатының финалында Әзірбайжан командасын жеңіп, жеңімпаз атанды.

Еркін күрестен әлем чемпионаты Иран, Түркия, Қырғызстан, Әзірбайжан және әлемдік таңдаулылар командасының қатысуымен Бакуде өтті. Хасан Ранграздың шәкірттері бірінші қадамда Түркия ұлттық командасына қарсы шығып, 6:4 есебімен басым түсіп, Түркия бөгетінен өтті. Иранның ұлттық командасы екінші кездесуде Қырғызстан командасын 8:2 есебімен жеңіп, финалға жол тартты. Хасан Ранграздың шәкірттері финалда Әзірбайжан командасымен белдесіп, басымдығын көрсетіп, әлем чемпионы атанды.

Тегтер