Мохбер: Иран мен Ресей өзара сауда айналымында ұлттық валюталарды қолдануды жеделдету керек
(last modified Thu, 10 Nov 2022 12:08:05 GMT )
Қар 10, 2022 18:08 Asia/Almaty
  • Мохбер: Иран мен Ресей өзара сауда айналымында ұлттық валюталарды қолдануды жеделдету керек

Иранның Вице-президенті Ресей Президентінің арнайы көмекшісімен кездесуінде: "Иран мен Ресейдің өзара сауда айналымында ұлттық валюталарды қолдануды жеделдету керек",-деп баса айтты.

Иран Вице-президенті Мұхаммед Мохбер сәрсенбі күні Теһранда Ресей Президентінің арнайы көмекшісі Игорь Левитинмен кездесуінде Теһран үкіметінің Мәскеумен сауда айналымы көлемін арттыруға дайын екенін айтып: "Иран мен Ресей өзара саудада тез арада ұлттық валюталарды қолдануға талпыныс жасауы керек",-деді.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Мохбер осы кездесуде Решт-Астара теміржол желісін салу жобасын орындауды тездету керегін айтып: "Егер бұл жоба жылдам орындалса, транзитты дамыту жолында маңызды қадам болмақ",-деді.

Ресей Президентінің арнайы көмекшісі осы кездесуде Мәскеу үкіметінің Теһрамен түрлі салаларда, соның ішінде транзит саласында әріптестікті дамытуға дайын екенін айтып: "Ресей осы саланы дамытуға ортақ инвестиция салуға әзір",-деді.