Амир Абдуллахиан: Иранның өзгермейтін саясаты – Украина соғысын тоқтату
(last modified Thu, 10 Nov 2022 12:21:36 GMT )
Қар 10, 2022 18:21 Asia/Almaty
  • Амир Абдуллахиан: Иранның өзгермейтін саясаты – Украина соғысын тоқтату

Иран Сыртқы істер министрі өзінің италиялық әріптесімен сұхбатында ИИР-дың өзгермейтін принципті саясатын Украина соғысын тоқтату деп атап: "Сол себепті саяси үдерістерді ілгерілетуге көмектесуге бағытталған талпыныстарымызды жалғастыра береміз",-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Амир Абдуллахиан Антонио Тайянимен телефон арқылы сұхбатында Италияның ДАИШ лаңкестік тобының Шираз қаласындағы Шахшырақ кесенесінде жасаған лаңкестік әрекетін айыптағанына алғыс айтып, халықаралық қауымдастықты осы сұрқия құбылысқа қарсы жауапкершілікпен әрекет етуге шақырды.

Амир Абдуллахиан сондай-ақ осы сұхбатта санкцияларды жою келіссөздерінің қазіргі жағдайы және АҚХА мен Ираннның әріптестігі жайлы түсіндірді.

Италия Сыртқы істер министрі де санкцияларды жою келіссөздері туралы: "Италия барлық тараптардың мүдделерін қамтамасыз ететін келісімге қол жеткізуге бар күшін салады",-деді.