Қар 11, 2022 15:29 Asia/Almaty
  • Әл-Сауд режимі бұл елдің шығысында өмір сүретін шиіттеріне қарсы басып-жаншу саясатын  жалғастыруда

Әл-Сауд режимі бұл елдің шығысында өмір сүретін шиіттеріне қарсы басып-жаншу саясатын жалғастыруда.

 

Сауд режимі Сауд Арабиясының шиіт дінбасыларының бірі шейх Мұхаммад әл-Абадты тағы да тұтқынға алды. Шейх Мұхаммад әл-Абад – Сауд Арабиясының әл-Ахса облысындағы әл-Омран қаласындағы шиіт дінбасыларының бірі, оны 2019 жылдың 16 қыркүйегінде Сауд Арабиясы күштері тұтқындап, белгісіз жаққа алып кеткен. Шейх әл-Абад қамауға алынғаннан кейін Сауд Арабиясының Жоғарғы соты оны екі жарым жылға бас бостандығынан айырды.

Халықаралық және адам құқықтарын қорғау ұйымдары, соның ішінде Human Rights Watch ұйымы Сауд Арабиясындағы сөз бостандығының басылуын, құқық қорғаушылар мен журналистердің өлім жазасына кесіліп, түрмеге жабылуын бірнеше рет сынады.

 

Тегтер