Қаз 10, 2022 01:02 Asia/Almaty
  • Қазақстанда Қауіпсіздік кеңесінің бұрынғы қызметкері ұсталды

Қазақстан Қауіпсіздік кеңесі хатшысының бұрынғы бірінші орынбасары мемлекеттік құпия құжаттарды әшкереледі деген айыппен қамауға алынды.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Марат Шайхудтинов мемлекеттік құпия құжаттарды әшкереледі деген айыппен ресми лауазымдарда қызмет ету құқығынан айрылып, 7 жылға сотталды.

Астана қаласының соты Қазақстан Қауіпсіздік кеңесі хатшысының бұрынғы бірінші орынбасарын Қылмыстық кодекстің 185-бабының 3 тармағы (мемлекеттік құпияларды жинап, таратып, әшкерелеу) негізінде айыпты деп тапты.

Шайхудтиновтың ісі мемлекеттік құпия құжаттарды әшкерелеу, тыңшылық жасау және елге қиянат жасауға қатысты басқа істердің қатарында тексерілді. Шайхудтиновпен бірге Қазақстанның бұрынғы қауіпсіздік қызметкерлерінің бірқатары сотталды.  

Тегтер