Башар Асад Сирияның барлық жерін лаңкестерден азат ету қажеттігін қуаттады
Сирия Президенті осы елдің армиясы мен халықтық күштерінің Сирияның барлық жерін лаңкестерден азат ету үшін әскери амалдарды жалғастыра беру қажеттігін қуаттады.
Сирия Президенті Башар Асад «France» ақпарат агенттігіне берген сұхбатында: «Кейбір елдердің лаңкестерді қолдап отырғанына қарамастан, сириялық күштер елдің барлық жерін лаңкестердің қолынан азат етеді»,-деді.
Сирия Президенті Түркия немесе Сауд Арабиясының Сирияға әскер кіргізу мүмкіндігін теріске шығармады, бірақ Сирия Қарулы күштерінің мұндай әскери араласушылыққа қарсы тұрып, кесімді түрде жауап беретінін баса айтты.
Сирия Президенті осы елдің солтүстігіндегі Алеппо облысындағы әскери амалдардың басты мақсатын лаңкестерді Түркия шекарасына қолжетімдіктен айыру деп атап: «Лаңкестердің жойылу және қашудан басқа амалы жоқ»,-деді.
Сирия Президенті, сондай-ақ, Францияның Сирия дағдарысына қатысты саясатын сынап: «Франция лаңкестерді қолдауға бағытталған өзінің «қиратушы саясатын» өзгертуі тиіс. Еуропа сириялық босқындарды елге қайтару үшін қажетті жағдайды жасауы тиіс»,-деп мәлімдеді.