Қар 13, 2022 22:14 Asia/Almaty
  • Солтүстік-Оңтүстік дәлізін іске қосу – Иран мен Ресей қатынасын дамытудың жалғыз жолы

Иранның Чабаһар еркін сауда және өнеркәсіп аймағының бас директоры Солтүстік-Оңтүстік дәлізін іске қосуды Теһран мен Мәскеу қатынасын дамытудың жалғыз жолы деп атады.

Иранның Чабаһар еркін сауда және өнеркәсіп аймағының бас директоры Амир Мұқаддам Ресейдің Астрахандағы "Лотос" арнайы экономикалық аймағының бас директоры Сергей Милошкинмен кездесуінде: "Иран мен Ресейдің Солтүстік-Оңтүстік дәлізін дамытуға ниеттеніп отырғанын ескеріп, келер жыл осы дәліз үшін серпінді экономикалық даму жылы бола алады",-деді.

Солтүстік-Оңтүстік дәлізі Суэц каналы арқылы жүк тасымалдайтын 16 мың км жолды 7 мың км жолмен алмастырады. Мақсатқа жеткенге дейін жүк тасымалы уақытын 40 пайызға, тасымал шығынын 30 пайызға азайтады.

Ирандағы Солтүстік-Оңтүстік халықаралық дәлізі Үндістан мен Парсы шығанағы елдерінен Әзірбайжан, Ресей мен Еуропаның шығысы мен солтүстігіне теміржол арқылы тауар транзиттеуге мүмкіндік береді.

Тегтер