Қар 14, 2022 16:52 Asia/Almaty

Иран СІМ-нің ақпарат өкілі дүйсенбі күні Стамбұл қаласында болған лаңкестік жарылысқа реакция білдіріп, оны қатаң айыптады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Насер Канани: «Теһран Түркия үкіметі мен халқының қауіпсіздігін нысанаға алатын кез келген лаңкестік әрекетті айыптайды»,-деді. Канани Алладан осы лаңкестік әрекетте қаза тапқандарға кешірім сұрап, жарақат алғандарға тезірек сауығып кетуін тілеп, Түркия үкіметі мен халқына, әсіресе құрбан болғандардың жанұяларына көңіл айтты. Жексенбі күні Түркияның Стамбұл қаласындағы Таксим алаңынан басталатын Истиклал көшесінде болған лаңкестік жарылыс салдарынан 6 адам қаза тауып, 81 адам жараланды.

Түркия Президентінің орынбасары Фуад Октай жексенбі күні кешке: «Стамбұлда жарылыс жасаған бір әйел болып шықты»,-деді.

Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған осы оқиғаға реакциясында: «Лаңкестердің алдында тізе бүкпейміз»,-деді.

Ердоған: «Алдын ала тексеріс көрсеткендей, бұл – лаңкестік әрекет»,-деді.

Тегтер