Қар 17, 2022 20:33 Asia/Almaty
  • Дұшпандар лаңкестік әрекеттер жасауға көшті

Дұшпандар Иранның Изе және Исфахан қалаларында екі лаңкестік әрекет жасап, бірнеше бейбіт адам мен қауіпсіздік қызметкерін шәһид етті.

Сәрсенбі күні Хузистан облысының Изе ауданында мотоцикл мінген екі адам халыққа оқ жаудырды. Соның салдарынан 7 адам қаза тауып, 10 адам жараланды. Сондай-ақ сәрсенбі күні кешке Исфаханда мотоцикл мінген екі адам қауіпсіздікті қорғаушыларға шабуыл жасап, соның салдарынан 3 адам шәһид болып, 1 адам жараланды.

Қарсылар мен олардың ақпарат құралдары Иранның барлық қалаларында наразылық пен бүлік жасап, халықты бейберекеттікті жалғастыруға шақырған жағдайда осындай лаңкестік әрекеттер болды. Бүлікшілердің бірқатары мемлекеттік және қоғамдық орындарға шабуыл жасап, халықтың мүлкіне зиян келтірді.

Дұшпандар, соның ішінде АҚШ пен сионистік режим бүлік шығарып, террор жасауды исламдық Иранмен қарсыласудың құралы ретінде қолданып келе жатқанына жылдар болды. Бірақ кейінгі апталарда дұшпандар өздерінің барлық саяси және ақпараттық әлеуеттерін Иранда наразылық, бейберекеттік пен қатыгездікті күшейтуге пайдаланып жатыр.

26 қазанда Фарс облысының Шираз қаласындағы хазірет Ахмад пен Мұса (Шахшырақ) кесенесіне жасалған лаңкестік шабуыл осы мақсатта жүзеге асырылды. Шабуыл салдарынан  15 адам қаза тапты.  

Иран халқы мен қауіпсіздік күштеріне қарсы жасалған лаңкестік әрекеттер мен бүліктер дұшпандардың Иранды оқшаулап, өздерінің жөнсіз талап-тілектеріне көндіруде жеңіліс тапқанынан кейін жалдамалылар арқылы іріткі салу, бейберекеттік тудыру, қатыгездік пен террор тарату саясатына көшкенін көрсетті.  

Тегтер