Қар 18, 2022 18:41 Asia/Almaty
  • Назири Асл: АҚХА-ның Иранға қарсы қарарының саяси мақсаттары орындалмайды

Иранның Венада орналасқан халықаралық ұйымдардағы тұрақты өкілі әрі елшісі Мохсен Назири Асл АҚХА Басқарма кеңесінің Иранға қарсы қарарын қабылдамай тастап: "Иранға қарсы қарардың саяси мақсаттары орындалмайды",-деді.

АҚШ пен Еуропа үштігінің Иранға қарсы ұсынған қарары бейсенбі күні 26 оң, 2 теріс (Ресей мен Қытай) және 3 қалыс дауыспен қабылданды.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Мохсен Назири Асл: "Иранға қарсы қарардың алғынұсқасын қолдаушылар өздерінің сындарсыз қатынастарын түсіндіру үшін негізсіз уәждер мен жалған ақпаратты АҚХА Басқарма кеңесіне ұсынып, осы отырысты өздерінің саяси мақсаттарын орындау құралына айналдыруға талпынып жатыр. Бұл агенттіктің міндеттері мен өкілеттіктері аясынан тыс екені айқын",-деді.

Ол: "Иранның агенттікпен ауқымды әріптестігі жалғасып жатқанын ескерсек, Басқарма кеңесін құрал ретінде пайдаланып, қарар бекітіп, қысым жасау арқылы Иранды агенттікпен әріптесуге шақыру негізсіз әрі мәнсіз",-деді.

Тегтер