Раиси: Иранмен байланыста екіқырлы қатынас ұстанатын екіжүзділер өкінері анық
Иран Президенті Теһранның әділ келісім жасауға дайын екенін айтып: "Иранмен байланыста екіқырлы қатынас ұстанатын екіжүзділер өкінері анық",-деді.
Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ибрахим Раиси сенбі күні Теһранда Оман Сыртқы істер министрі сейіт Бадр әл-Бусаидимен кездесуінде: "Кейбір аймақтық және халықаралық тараптар бізбен хат арқылы ұдайы байланысып тұрады, ал жеме-жемге келгенде олардың ісі сөздерімен қабыспайды",-деді.
Раиси бүгінде үстемшіл елдер, соның ішінде АҚШ-тың Иран халқымен жауласып отырғаны ешкімге жасырын емесін айтып: "Өткен 40 жылда АҚШ Иран халқының жетістіктеріне қарсы шығып, ашу-ыза білдірді, бірақ америкалықтар өздерінің жеңілістерінен сабақ алмайды",-деді.
Оман Сыртқы істер министрі сейіт Бадр әл-Бусаиди де осы кездесуде Иранның санкцияларды жоюға бағытталған келіссөздердегі ұстанымдарына қолдау білдіріп: "Иранның тұрақты әрі шынайы қатынасы нәтиже беретініне сенімдімін",-деді.