Қар 20, 2022 19:34 Asia/Almaty
  • Иран, Әзірбайжан, Армения мен Ресей жуырда өзара электр қуатын алмасатын болады

Иран Энергетика министрі жақын болашақта Иран, Әзірбайжан, Армения мен Ресей арасында электр қуаты алмасылатынын хабарлады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Әлиакбар Мехрабиан жексенбі күні 22-ші халықаралық электр қуаты көрмесінің ашылу салтанатында: "Иран мен Ресейдің электр қуаты желілері бір-бірімен сәйкестендірілген (синхронданған). Иран, Әзірбайжан, Армения мен Ресей арасында электр қуаты желілерін бірлесе синхрондау жуырда жүзеге асырылады",-деді.

Мехрабиан: "Алмасу тақырыбы – Иранның электр қуаты өнеркәсібінің көршілес елдермен қарым-қатынасындағы басты бағыттардың бірі. Иранға қажет болған кезде ол Әзірбайжан, Армения және Түркіменстаннан электр қуатын импорттайды. Ал Иранда электр қуаты артылғанда оны зәру елдерге экспорттайды",-деді.

Иранның 22-ші халықаралық электр қуаты көрмесі бүгін Теһранда басталып, 23 қарашаға дейін төрт күнге созылады.  

Тегтер