Қар 21, 2022 19:18 Asia/Almaty
  • Мәскеуде өткен Құран халықаралық жарысында Иран өкілі үшінші орын алды

Иран өкілі Мәскеуде Құран оқудан өткен халықаралық жарыста үшінші орын алды.

21 ел өкілдерінің қатысуымен Мәскеуде өткен XX Құран халықаралық жарысында Иранның жалғыз өкілі сейіт Мұстафа Хұсейниниа үшінші орын алды.

Бұл жарыста Түркия қариі бірінші, Мысыр қариі екінші орын алды.

XX Құран халықаралық жарысы 19 қарашада Ресей астанасы Мәскеудің орталық мешітінде басталып, үш күнге созылды.  

Айта кету керек, жарыстың ашылу рәсімінде Иран өкілі сейіт Мұстафа Хұсейниниа ұйымдастырушылардың өтінуімен кезегінен бұрын Құран оқуға шығып, нақышына келтіріп оқып берді.  

Тегтер