Бельгия Сенат мәжілісінің төрағасы Иран президентімен кездесті
(last modified Sat, 30 Apr 2016 15:43:46 GMT )
Сәу 30, 2016 21:43 Asia/Almaty
  • Бельгия Сенат мәжілісінің төрағасы Иран президентімен кездесті

ИИР президенті Теһранның Еуропалық Одақпен, соның ішінде Бельгиямен ынтымақтастықтарды кеңейтуге дайын екендігін мәлімдеді.

ИИР президенті Хасан Рухани Теһранда Бельгия Сенатының төрағасы Кристин Дефреньді қабылдауында: «Иран Еуропалық Одаққа мүше елдермен, соның ішінде Бельгиямен қос жақты, аймақтық және халықаралық ынтымақтастықты кеңейтіп, тереңдетуге дайын» деді.

Рухани екі ел парламенттерінің қос жақты байланысты кеңейту мен тереңдетудегі рөлін қуаттап: «Иран мен Бельгия санкциядан кейінгі кезеңде өз мүмкіндіктері мен қабілеттерін экономикалық және сауда- саттық екі жақты ынтымақтастықтарды арттыру үшін пайдалануы керек» деді.

Президент лаңкестікті әлемдегі үлкен түйткіл деп атап: «Кедейшілік, надандық және кемсітушілік сияқты лаңкестіктің экономикалық және мәдени тамырларымен қоса, алпауыт елдердің өзге мемлекеттердің ісіне араласуы да лаңкестіктің негізгі тамырларының қатарына жатады» деді.

Кристин Дефрень де Бельгияның түрлі салалар бойынша Иранмен қарым- қатынастарын кеңейтуге мүдделік танытып отырғанын айтып, Теһранның лаңкестікпен күрестегі тұрғыларына алғыс айтып: «Иран аймақтағы тұрақтылық факторы ретінде лаңкестікпен күресу үдерісінде маңызды рөл атқара алады. Брюссель осы негізде Теһранның жанынан табылады» деді.