Қар 24, 2022 18:00 Asia/Almaty
  • Иран арқылы Ресейдің 12 млн тонна жүгін транзиттеу туралы меморандумға қол қойылды

Иран Теміржол компаниясының директоры осы ел арқылы Ресейдің 12 млн тонна жүгін транзиттеу туралы меморандумға қол қойылғанын хабарлады.

Сейіт Мейад Салехи Мәскеуге екікүндік сапарының соңында Ресей Теміржол компаниясының директорымен кездескеннен кейін Твиттердегі жеке парақшасында: "Ресеймен 12 млн тонна жүк транзиттеу туралы меморандумға қол қойылғаннан кейін Иран үшін халықаралық теміржол қатынасында жаңа тарау ашылады",-деп жазды.

Иран Теміржол компаниясының директоры сондай-ақ Мәскеуде өткен CCTT жиналысында  Солтүстік-Оңтүстік дәлізіндегі теміржол транзиті саласындағы Иранның әлеуеттері туралы баяндап берді.

Тегтер