Қар 24, 2022 18:15 Asia/Almaty
  • Иран мен БАӘ сыртқы істер министрлері телефон арқылы сұхбаттасты

Иран мен БАӘ сыртқы істер министрлері телефон арқылы сұхбатта екіжақты ынтымақтастықты дамыту және аймақтың қауіпсіздігі мен тұрақтылығын нығайту жолдары туралы кеңесіп, пікір алмасты.

Хұсейн Амир Абдуллахиан мен шейх Абдулла бен Заид әл-Нахиан Иран мен БАӘ-ның мүдделеріне сай келетін өзара ынтымақтастық мүмкіндіктері туралы кеңесіп, екіжақты қатынасты нығайту жолдарын қайта қарастырды.

Әл-Нахиан БАӘ-ның аймақта қауіпсіздік пен тұрақтылық орнату үшін аймақтық және халықаралық сахнада конструктивті әріптестік мен ортақ істі нығайтуға ынталы екенін айтты.  

БАӘ Сыртқы істер министрі сондай-ақ екіжақты қызықтыратын аймақтық және халықаралық мәселелер туралы пікір алмасып, "мемлекеттердің егенмендігін кепілдендіру және БҰҰ жарғысы мен халықаралық заңдарды сақтау" үшін дипломатиялық талпыныстарды күшейту керегін айтты.

Тегтер