Иранның гандболдан әйелдер командасы әлем чемпионатына жолдама алды
(last modified 2022-11-27T12:43:17+00:00 )
Қар 27, 2022 18:43 Asia/Almaty
  • Иранның гандболдан әйелдер командасы әлем чемпионатына жолдама алды

Иранның гандболдан әйелдер командасы әлем чемпионатына жолдама алды.

Иран ұлттық әйелдер командасының атынан Азия чемпионатына қатысқан "Санг Аһан Бафақ" гандбол командасы өзінің үшінші кездесуінде Аустралия ұлттық командасымен ойнап, оны 43:15 есебімен жеңіп, төрт үздік команданың қатарына қосылып, Иранның ересек әйелдер арасындағы гандбол тарихында екінші рет әлем чемпионатына жолдама алды.

Иран командасы бірінші кездесуде Үндістан командасын 43:35 есебімен, екінші кездесуде Өзбекстан командасын 35:33 есебімен жеңді.

Иран гандболшылары сәрсенбі күні топтық кезеңнің соңғы кездесуінде Оңтүстік Корея командасымен бақ сынасады.   

Тегтер