Иран мен Еуразия арасында сауда айналымы 30 млрд долларға жетеді деп болжануда
(last modified Sun, 27 Nov 2022 13:04:18 GMT )
Қар 27, 2022 19:04 Asia/Almaty
  • Иран мен Еуразия арасында сауда айналымы 30 млрд долларға жетеді деп болжануда

Иран СІМ-нің көпжақты сауда әріптестігі департаментінің директоры: "Иран мен Еуразия арасында сауда айналымы 30 млрд долларға жетеді",-деп болжам жасады.

Еуразия экономикалық одағы мен Кедендік одақ бес елден тұрады. Осы одаққа мүше елдер өзара саудада кедендік тарифті алып тастап, алыс-берісте артықшылық тудырған.

2014 жылы 29 мамырда Беларусь, Қазақстан мен Ресей осы одақты құру туралы хаттамаға қол қойды. 2015 жылы 1 қаңтарда хаттама заң жүзінде күшіне енді.

Иран СІМ-нің көпжақты сауда әріптестігі департаментінің директоры Азиз Мансури былтыр Иран мен Еуразия арасында сауда айналымының 5 млрд доллар болғанын айтып: "Еркін сауда келісімдері орындалса, өзара сауда көлемі алдағы 3 жылда 30-35 млрд долларға жетеді",-деді.