Марокколықтар Катар-2022 әлем чемпионатында плей-оффқа шығуын Палестина туымен тойлады
https://itolqyn.com/news/world-i65942-Марокколықтар_Катар_2022_әлем_чемпионатында_плей_оффқа_шығуын_Палестина_туымен_тойлады
Марокконың ұлттық футбол командасы Катар-2022 әлем чемпионатында плей-оффқа шыққаннан кейін Палестина туын желбіретті.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Жел 03, 2022 00:47 Asia/Almaty
  • Марокколықтар Катар-2022 әлем чемпионатында плей-оффқа шығуын Палестина туымен  тойлады

Марокконың ұлттық футбол командасы Катар-2022 әлем чемпионатында плей-оффқа шыққаннан кейін Палестина туын желбіретті.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Катар-2022 футбол чемпионаты аясында бейсенбі күні кешке Марокко футбол командасы Канаданы 2:0 есебімен жеңіп, плей-оффқа шықты. 1986 жылдан бері Марокко командасы плей-оффқа шықпаған еді.

Марокко командасының ойыншылары плей-оффқа шыққандарына шүкіршілік ретінде сәжде етіп, Палестина туын желбіретіп, қуаныштарын білдірді.

Катар-2022 әлем чемпионаты барысында мұсылмандар талай рет түрлі жерлерде Палестина халқына қолдау ретінде осы елдің туын желбіретіп, бала өлтіргіш сионистік режимнің қылмыстарына жиреніштерін білдірді.