Ұлыбританияда наразылық білдірушілер басылып-жаншылды
(last modified Sat, 03 Dec 2022 12:27:38 GMT )
Жел 03, 2022 18:27 Asia/Almaty
  • Ұлыбританияда  наразылық білдірушілер басылып-жаншылды

Соңғы бірнеше айда Еуропа елдерінде, әсіресе Ұлыбританияда экономикалық және әлеуметтік мәселелердің шиеленісуі бұл елдерде әлеуметтік наразылықтардың және наразылық жиындарының көбеюіне себеп болды. Бұл жиындардың көбі полиция тарапынан баслып-жаншылды.

Осыған байланысты Ұлыбритания Премьер-министрі Риши Сунак полицияның наразылық білдірушілерді басып-жаншудағы әрекетін қорғап, полиция басшыларымен кездесуін жариялады. Ол: «Британдық полиция кез келген заңсыз наразылық акцияларын басуға құқылы және осылайша олар үкіметтің қолдауына ие»,- деді.

Жанармайдың қыбаттауы, көптеген өнеркәсіп орындары мен зауыттардың банкротқа ұшырауы және лның салдарынан жұмыссыздықтың өсуі, инфляция индексінің бұрын-соңды болмаған көтерілуі және өмір сүру құнының күрт өсуі Ұлыбританияны соңғы жарты ғасырдағы ең нашар экономикалық жағдайға әкелді.  Бұл жағдайлар осы елдің көптеген азаматтарының митингтер өткізу арқылы үкіметтің жұмысына қарсы шығуына себеп болды.

Бұл жағдай Германия мен Франция сияқты Еуропаның басқа елдерінде де байқалады. Францияда экономикалық және әлеуметтік дағдарыстың күшеюі жаппай наразылық тудырды. Соңғы айларда мыңдаған француз наразылығы көшелерге шықты, бірақ бұл наразылықтарды полиция басып тастады. Бұл басып-жаншулар батыс елдерінің билігі әрқашан адам құқығын, сөз бостандығы мен азаматтардың құқықтарын құрметтеу құқығын құрметтеуді  талап етіп келе жатқан жағдайда орын алуда. Батыс үкіметтері, әсіресе соңғы жылдары дұшпандық және араласушылық ұстанымдарымен көптеген елдерді адам құқықтарын сақтамайды деп айыптады. Бұл араласулардың мысалы ретінде Ұлыбританияның және басқа батыс елдерінің Ирандағы қазіргі толқулардағы дұшпандығын айтып кетуге болады. Британ үкіметі Ирандағы халық наразылықтарының басылуына байланысты бірқатар ирандық қауіпсіздік және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне санкция салды. Еуропарламенттің солшыл мүшесі Мик Уоллес сөз бостандығын талап ететін елдерде наразылық білдірушілердің қамауға алынуын сынай отырып: «Дәл қазір Еуропада сөз бостандығына қауіп төніп тұр. Украинадағы соғысты сынаған адам өз пікірін айтқаны үшін қамауға алынады»,- деді.

АҚШ пен Канададағы жағдай да осыған ұқсас. Барлық гуманитарлық талаптарға қарамастан, бұл үкіметтер наразылықтар мен оппозицияға шыдамайды және оны полицияның араласуымен басып тастайды. Осыған байланысты Канада премьер-министрі Джастин Трюдо: «Шерушілерді басу үшін полицияға шерушілерді тұтқындау және айыппұл салу үшін қажетті өкілеттіктер беріледі»,- деді. Дэвид Фрайхайт, канадалық заңгер және сарапшы Канада премьер-министрі Трюдоның саясатын сынап, былай деді: «Трюдо үкіметі оның хабарламасымен келіспеген кезде бейбіт шерулердің көпшілігін басып тастайды»,- деп мәлімдеді.

АҚШ пен Батыс елдері бостандық, демократия және адам құқықтарын құрметтейміз деп мәлімдегенімен, олар адам құқықтарын ең үлкен бұзушылар болып табылады.