Жел 06, 2022 18:18 Asia/Almaty
  • Мазари-Шарифте автобус жарылып, 6 адам қаза тапты және 13 жараланды

Бүгін таңертең Ауғанстанның солтүстігіндегі Балх провинциясының орталығы Мазари-Шарифте кеден кеңсесінің қызметкерлері отырған автобуста болған жарылыс салдарынан 6 адам қаза тауып, 13 жараланды.

Бұл жарылыс Саманған провинциясындағы мешітке жасалған лаңкестік әрекеттен бір аптадан кейін болды.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің Кабулдан жіберген мәліметінше, Хабарларға қарағанда, бүгін таңертең Ауғанстанның солтүстігіндегі Балх провинциясының орталығы Мазари-Шарифте болған жарылыс кезінде «Хиртан» шекаралық кеден басқармасының қызметкерлері мінген автобус Сейед Абад қиылысында нысанаға алынған. Бұл жарылыс салдарынан алты адам қаза тауып, 13 адам жарақат алды. Әзірге бұл жарылыс үшін жауапкершілікті ешбір жеке адам немесе топ өз мойнына алған жоқ.

 

 

Тегтер