Жел 07, 2022 20:12 Asia/Almaty
  • Eutelsat спутниктік компаниясы Еуроодақ санкцияларын сылтауратып Press TV арнасын таратуды тоқтатты

Еуроодақ ағылшын тіліндегі Press TV арнасына қарсы санкция салғанынан бірнеше апта өткен соң Францияның Eutelsat спутниктік компаниясы осы арнаны таратуды тоқтатты.

Еуроодақ жуырда демократияны жақтау сылтауымен ирандық тұлғалар және ұйымдармен қоса Press TV арнасына санкция салды.  

Ағылшын тілінде жұмыс істейтін Press TV арнасы кейінгі жылдары жалған сылтаулармен спутниктік қызмет көрсететін компаниялар тарапынан қысым көріп келеді. Eutelsat компаниясының әрекеті халықаралық заңдар мен БАҚ бостандығына қайшы.

Өткен аптада АҚШ та Иран Телерадио бірлестігінің басшысы мен кейбір орынбасарларын, соның ішінде әлемдік қызмет торабының басшысын өзінің санкциялар тізіміне енгізді.

Тегтер