Жел 09, 2022 18:05 Asia/Almaty
  • 
Путин Қырғызстанға барды

Ресей Президенті Еуразиялық экономикалық одақ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға барды.

 

Еуразиялық экономикалық одақ  құру туралы шартқа 2014 жылғы 29 мамырда Беларусь, Қазақстан және Ресей қол қойып, 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енді. Бұл одаққа Қырғызстан мен Армения да мүше болды.

Бұл саммит аясында Ресей Президенті Владимир Путин екіжақты кездесулер өткізеді. Ол Армения Премьер-министрі Никол Пашинянмен бөлек кездеседі.

Қырғызстан саммитіне қатысушылар Еуразиялық экономикалық одақтағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге және бірыңғай қызмет көрсету нарығын дамытуға мүмкіндік беретін ортақ газ нарығын құру және энергетика секторы ведомстволары арасында бірлескен кеңес құру мәселелерін қарастырады.    

 

Тегтер