Иран еркін күрестен халықаралық турнирде екінші орын алды
Жел 12, 2022 20:14 Asia/Almaty
Иранның еркін күрестен ұлттық командасы халықаралық турнирде АҚШ-тан жеңіліп, екінші орынға табан тіреді.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, дүйсенбі күні АҚШ-тың Айова штатында өткен халықаралық турнирдің финалында Иран мен АҚШ командалары бақ сынасты. АҚШ 6:4 есебімен жеңіп, жеңімпаз атанды.
Финалдың алдында кейбіреулер жағдайды ауырлатып, түрлі ұрандар айтып, Иран ұлттық командасының көңіл-күйін бұзуға тырысты. Бірақ ирандық палуандар мен жаттықтырушылар бұған көңіл аудармады.
Тегтер