Ирандық көліктерді Ресейге экспорттау мәселесі талқыланып жатыр
Жел 15, 2022 17:29 Asia/Almaty
Иранның Ресейдегі елшісі Теһран мен Мәскеудің ирандық көліктерді Ресейге экспорттау туралы келіссөз жүргізіп жатқанын хабарлады.
Казем Джалали: "Иран мен Ресейдің өнеркәсіп саласында әріптесу жолдарының бірі – жеңіл көлік жасау саласында ынтымақтасу. Өткен 43 жылда Батыс елдері Теһран үкіметіне санкция салғалы бері Иран көлік жасау және бөлшектер шығару саласында өте жақсы дамыды",-деді.
Казем Джалали Теһран мен Мәскеудің ирандық көліктерді Ресейге экспорттау туралы келіссөз жүргізіп жатқанын айтып: "Қос тарап бірлесіп көлік жасау мәселесін де қарастырып жатыр",-деді.
Тегтер