Амир Абдуллахиан: Францияның Иранның ішкі істеріне араласуы қабылданбайды
(last modified Wed, 21 Dec 2022 09:44:23 GMT )
Жел 21, 2022 15:44 Asia/Almaty
  • Амир Абдуллахиан: Францияның Иранның ішкі істеріне араласуы  қабылданбайды

Иран Сыртқы істер министрі Хұсейн Амир Абдуллахиан Франция Сыртқы істер министрі Катрин Колоннамен кездесуінде Францияның Иранның ішкі істеріне араласуын сынады.

Амир Абдуллахиан Twitter парақшасында Бағдат 2 конференциясы аясында Франция Сыртқы істер министрімен кездесуін хабарлап, бұл кездесуде Францияның Иранның ішкі істеріне араласуын сынап, оның қабылданбайтынын жазды. Иран Сыртқы істер министрі бұдан бұрын Twitter-дегі парақшасында Еуропа Одағының сыртқы саясатына жауапты және жоғары өкілі Жозеп Боррелмен кездескенін хабарлап, кездесуді ашық, достық және сындарлы сипаттады.