Ресей мұнайын Батысқа сатуға тыйым салынды
(last modified Wed, 28 Dec 2022 08:41:18 GMT )
Жел 28, 2022 14:41 Asia/Almaty
  • Ресей мұнайын Батысқа сатуға тыйым салынды

Сейсенбі күні Ресей президенті Владимир Путин батыстың өз елінің мұнайына шекті баға белгілеуіне жауап ретінде осы баға шегін белгілеген елдерге мұнай сатуға тыйым салу туралы бұйрық шығарды.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Путиннің Ресей мұнай өнімдерінің осы елдің мұнайына шекті баға белгілеген елдерге сатылуына тыйым салу туралы бұйрығы 2023 жылдың 1 ақпанынан бастап күшіне енеді. Басқа жағынан, жақын арада Ресей үкіметінің кабинеті осы елде өндірілетін осы өнімдерге шекті баға белгілеген елдерге жанармай өнімдерін сатуға тыйым салуға қатысты шешім қабылдайды. Дегенмен, Путиннің жаңа бұйрығына сәйкес, Ресей президенті тыйым салынған өнімдерді белгілі бір елдерге жеткізуге арнайы рұқсат бере алады. Бұл бұйрық 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін жарамды болады.