Оңтүстік Корея Президенті Теһранға келді
(last modified Mon, 02 May 2016 07:57:44 GMT )
Maм 02, 2016 13:57 Asia/Almaty
  • Оңтүстік Корея Президенті Теһранға келді

Оңтүстік Корея Президенті Пак Кын Хе үшкүндік сапармен Теһранға келді.

Оңтүстік Корея Президенті жексенбі күні Теһранға келді. Ол кісіне ИИР Өнеркәсіп, кен және сауда министрі Меһрабад әуежайында күтіп алды.

Пак Кын Хе ханыммен бірге Оңтүстік Кореяның ірі компанияларының басшылары мен елдің үлкен өнеркәсіптерінің иелерінен, жалпы алғанда 236 адамнан құралған делегация келді.

Оңтүстік Корея Президенті бүгін, дүйсенбі күні Иран Пезиденті Хасан Руханимен кездесіп, сөйлеседі.

Ирандағы Оңтүстік Кореяның тұрақты елшісі Ким Сюнг Ху: «Оңтүстік Корея Президентінің Теһранға сапары кезінде екі елдің үкіметтік және жекеменшік секторы арасында 30-дан астам ынтымақтастық меморандумдары мен құжаттарға қол қойылады»,- деп мәлімдеді.