Қаң 06, 2023 19:20 Asia/Almaty
  • Киев Путиннің Украинада атысты тоқтату жариялағанына қарсылық білдірді

Киев үкіметі Владимир Путиннің біржақты атысты тоқтату жариялағанына реакция білдіріп, мұны екіжүзді әрекет деп атады.

Украина Сыртқы істер министрі Дмитрий Кульба Твиттердегі жеке парақшасында: "Ресейдің біржақты атысты тоқтату бітімін жариялауына сенуге болмайды",-деп жазды.

Путин бейсенбі күні Ресейдегі ортодокс шіркеуінің басшысы патриарх Кириллдің Иса пайғамбардың туған күніне орай атысты тоқтатуды сұрағанынан кейін жұма күні түстен бастап 36 сағатқа атысты тоқтатуға бұйрық берді.

Бұған дейін АҚШ Президенті Джо Байден Иса пайғамбардың туған күніне орай Ресей Президенті жариялаған атысты тоқтату бітіміне күмән келтірген болатын. Германия Сыртқы істер министрі: "Путиннің атысты тоқтатуға шешім қабылдауы оның соғысты доғаруға ниетті екенін көрсетеді",-деді.  

Киев үкіметі Батыс елдері, соның ішінде АҚШ басшыларының теріс көзқарасына жақтасып, Мәскеу жариялаған атысты тоқтату бітімін қолдаудың орнына тіпті Иса пайғамбардың туған күні қарсаңында Украина соғысын қысқа мерзімге тоқтатқысы келмейді. Бұл шын мәнінде Вашингтонның Украина соғысына деген қатынасын, оны жалғастырып, кеңейтуге талпынып жатқанын көрсетеді.

Путин бұған дейін осыған қатысты: "АҚШ біраз уақыттан бері аймақта операциялар жүргізіп келеді. Олар Кеңес одағы кезінде тиісті алғышарт жасады. АҚШ ұзақ уақыт бойы Ресейге қарсы әрекет етумен болды. Бүгін ғана емес, Зеленскийдің Вашингтонға сапарының алдында Ресейге қарсы жоспар құрған",-деген болатын.   

11 айға созылып, ауқымды әскери және адами шығынға алып келген және Украинаның инфрақұрылымдарын жойған соғыс аяқталмайтыны былай тұрсын, АҚШ-қа арқа сүйеген Зеленскийдің позициясын ескерсек, алдағы айларда да қарқынмен жалғасатын болады.

Бұған дәлел – АҚШ-тың Украинаға тағы да 1,8 млрд долларға қару-жарақ жіберуге шешім қабылдауы. Жалпы 2023 жылы Украинаға 40 млрд доллардан астам әскери көмек беріледі. Байден "Брэдли" атты дамыған сауытты көліктерді Украинаға тапсыруға рұқсат берді. Әрине соғыстың Ресей жеріне таралу ықтималы бұрыннан да артты. Соғыстың жалғасуы оның Украинаға көршілес елдер, әсіресе Польша мен Балтық жағалауы елдеріне таралу ықтималын арттырып отыр. Бұл жағдайда Ресей мен НАТО арасында әскери қақтығыс болады.   

 

Тегтер