Еуропада дәрі-дәрмек тапшы
(last modified Sun, 08 Jan 2023 12:37:20 GMT )
Қаң 08, 2023 18:37 Asia/Almaty
  • Еуропада дәрі-дәрмек тапшы

Еуропа дәрі-дәрмек, әсіресе антибиотиктер, температураны төмендететін, ауырсынуды басатын және қан қысымын түсіретін дәрілер тапшылығына ұшырады.

Еуропа елдері, соның ішінде Франция мен Швейцария қыста маусымдық аурулар мен коронавирус таралуымен бір мезгілде Украина соғысы мен Қытайдан келетін шикізатқа тәуелді болуына байланысты дәрі-дәрмек, әсіресе антибиотиктер, температураны төмендететін, ауырсынуды басатын және қан қысымын түсіретін дәрілер тапшылығына ұшырап отыр.

Қыста жұқпалы аурулардың таралуы Еуропаның дәрі-дәрмек тапшылығына ұшырауына себеп болды.

Еуропа елдері денсаулық сақтау ұйымдарының жұқпалы аурулардың таралуымен күресуге дайын болмауы, коронавирустың алдын алу  шараларынан бас тартуы және қажетті көлемде дәрі-дәрмек жинап сақтамауы бұл құрлықта дәрі-дәрмек тапшылығының туындауына себеп болды.