Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Түркияға барды
(last modified Mon, 09 Jan 2023 14:19:52 GMT )
Қаң 09, 2023 20:19 Asia/Almaty
  • Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Түркияға барды

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Мұхаммед Бағер Қалибаф парламенттік делегацияны бастап Азия елдері Парламенттерінің бас ассамблеясына (APA) қатысу мақсатында Түркияға барды.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Қалибаф бастаған делегацияны Түркия Парламенті төрағасының орынбасары мен жергілікті басшылар қарсы алды.

Қалибаф Түркияға аттанбас бұрын тілшілерге берген сұхбатында осы сапардың мақсаты туралы: "Бұл саммит – қазіргі қысылтаяң шақта Азия елдері арасында диалог өткізуге, бейбітшілік пен тұрақтылықты арттыруға берілген жақсы мұрсат. Болашақта Азия құрлығының атқаратын рөлін ескерсек, бұл саммиттің маңызы зор",-деді.

Тегтер