Қаң 10, 2023 17:28 Asia/Almaty
  • Қалибаф: Теһран, Анкара және Баку үшжақты кездесулері жалғасады

Иран Ислам Кеңесінің төрағасы Иран, Түркия және Әзірбайжанның үшжақты отырысын пайдалы әрі тиімді деп бағалап, бұл кездесулердің жалғасын табатынын айтты.

Иран Парламентінің төрағасы Мұхаммад Бақер Қалибаф Түркиядағы Азия парламенттерінің 13-ші отырысынан оралғаннан кейін Түркия және Әзірбайжан парламенттерінің президенттерімен кездесулеріне тоқталып: «Бұл кездесулер барысында Әзірбайжан Республикасы мен Иран арасындағы түсініспеушіліктер шешіліп, тез арада Бакуге сапар шегу туралы шешім қабылданды»,- деді. Иран Ислам Кеңесінің төрағасы сондай-ақ бұл үш жақты отырыстың ұйымдасқан түрде жалғасатынын және келесі отырыстың жақын арада өтетінін мәлімдеді.

 

Тегтер