Қаң 12, 2023 16:47 Asia/Almaty
  • Иран Ауғанстанның Сыртқы істер министрлігі алдында болған лаңкестік шабуылды айыптады

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Ауғанстан Сыртқы істер министрлігінің ғимараты алдында болған лаңкестік шабуылды қатаң айыптады.

Насер Канани осы оқиғада қаза тапқандардың жанұяларына көңіл айтып, жарақат алғандардың тез арада сауығып кетуін тіледі.

Сәрсенбі күні түстен кейін Кабулда Ауғанстан Сыртқы істер министрлігінің ғимараты маңында болған жарылыстан бірнеше адам қаза тауып, бірқатары жараланды.

Ауғанстанда Талибан тобы билік басына келгелі бері елдің түрлі аудандарында жарылыстар мен лаңкестік шабуылдар жиілеп кетті. Соның салдарынан осы күнге дейін ондаған адам қаза тапты және жараланды.  

Мұндай жарылыстар Талибан үкіметінің елде қауіпсіздік орната алмағанын көрсетеді. 

Тегтер