Қаң 15, 2023 21:04 Asia/Almaty
  • Сәуір айында Иранға СУ-35 қырғи ұшақтары жеткізіледі

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат жөніндегі комиссиясының мүшесі сәуір айында елге СУ-35 қырғи ұшақтары жеткізілетінін хабарлады.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Шахриар Хейдари: "Ресейге әуе қорғаныс жүйелері, зымыран және тікұшаққа тапсырыс берілді",-деді.

СУ-35 – әлемдегі төртінші буынды ең мықты қырғы ұшақ. Ол ең дамыған N35 радарымен жарақталған. Ол бір мезгілде 30 объектіні анықтап, 8 объектімен қақтығыса алады.

Тегтер