Қаң 16, 2023 20:28 Asia/Almaty
  • Халықаралық қауымдастық Бакудың әрекетіне үнсіз қарап отыр

Таулы Қарабақ республикасы жуырда Әзірбайжанның Лачин дәлізінде жасаған әрекеттеріне үнсіз қалғаны үшін халықаралық қауымдастықты аймақтағы осы оқиғаларға жауапты деп атады.

Әзірбайжан республикасы 2022 жылы 12 желтоқсанда Таулы Қарабақ республикасы мен Армения арасындағы Лачин дәлізін басып алды. Баку бұл әрекетімен іс жүзінде Таулы Қарабақтың 120 мың тұрғынын қоршап алып, қажетті заттар, соның ішінде дәрі-дәрмек тапшылығына ұшыратып отыр. Адам құқығы ұйымдары тарапынан айтылған ескертулерге қарамастан, Лачинді басып алу жалғасып жатыр. Осындай жағдайда Таулы Қарабақ республикасының жергілікті үкіметі халықаралық қауымдастықтың  үнсіз қалып отырғанын сынады.  

Таулы Қарабақ республикасының СІМ өз мәлімдемесінде Лачин дәлізін осы республиканы Армения және басқа елдермен құрлық арқылы байланыстыратын жалғыз жол деп атап: "Бакудың бұл әрекеті – 2020 жылы 9 қарашада қабылданған үшжақты келісімнің баптарын ашық түрде бұзу",-деді.

Тегтер