Обама Иранға қарсы санкциялардың күшін жою туралы үкімге қол қойды
(last modified Thu, 28 Jan 2016 13:03:52 GMT )
Қаң 28, 2016 19:03 Asia/Almaty
  • Обама Иранға қарсы санкциялардың күшін жою туралы үкімге қол қойды

Ақ Үй АҚШ президенті Барак Обаманың үкімге қол қойып, Иранға қарсы санкциялардың күшін жою туралы жарлық шығарғанын хабарлады.

Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф пен Еуропа Одағының сыртқы саясат жетекшісі Федерика Могерини 2016 жылы 16- шы қаңтарда ортақ мәлімдеме оқып, ресми түрде «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының басталғанын жариялады. Осы мәлімдеме оқылып, Иранның «Ортақ қадам» жан- жақты бағдарламасына қатысты міндеттемелеріне берік болғаны расталған соң Обама да Иранның ядролық бағдарламасына қатысты салынған санкциялардың күшін жоюға жарлық шығарып, АҚШ Конгресін осы шарадан хабардар етіп, үкімге бүгін қол қойды.