Ердоған: Теһран мен Анкараның қарым-қатынасы маңызды
Түркия Президенті Иран Сыртқы істер министрімен кездесуінде Теһран мен Анкараның қарым-қатынасын маңызды деп атады.
Иран Сыртқы істер министрі Хұсейн Амир Абдуллахиан сейсенбі күні саяси делегацияның басында Түркияның жоғары лауазымды қайраткерлерімен кездесіп, сөйлесу үшін осы елдің астанасы Анкараға сапармен барды. Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған Иран Сыртқы істер министрі Хұсейн Амир Абдуллахианмен кездесуінде Теһранның «Астана процесі» келіссөздеріндегі рөлінің маңыздылығына тоқталды. Ол: «Әрине, Иран жаңа тәсілдерге тиімді үлес қоса алады»,- деді.
Түркия Президенті де Иранмен екіжақты қарым-қатынастарды жақсартуға дайын екенін мәлімдеп, жақын арада ИИР президентін қабылдауға үміт білдірді. Бұл кездесуде Амир Абдуллахиан Теһранның Иран мен Түркия арасындағы сауданың мақсатты деңгейіне жетуге тырысуға дайын екенін мәлімдеді. Иран Сыртқы істер министрі Түркия мен Сирия арасындағы ынтымақтастық үдерісінің басталуына риза екенін білдіріп, бұл үдерістің екі ел арасында бейбітшілік пен тұрақтылыққа әкелетініне үміт білдірді.
Бұл кездесуде Ердоған мен Амир Абдуллахиан да Иран-Түркия жоғарғы комиссиясының 8-ші отырысын, Кавказ мәселелеріне арналған 3+3 отырыстарын, Иран-Ирак-Түркия және Иран-Түркия-Әзербайжан үшжақты кездесуін өткізудің маңыздылығына тоқталды.