Дамаск қаласының төңірегінде жасалған бітім келісімі екі күнге ұзартылды
https://itolqyn.com/news/world-i6703-Дамаск_қаласының_төңірегінде_жасалған_бітім_келісімі_екі_күнге_ұзартылды
Ресейдің Қорғаныс министрлігі Сирия астанасы Дамасктың айналасында жасалған бітім келісімінің екі күнге ұзартылғанын хабарлады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Maм 02, 2016 20:34 Asia/Almaty
  • Дамаск қаласының төңірегінде жасалған бітім келісімі екі күнге ұзартылды

Ресейдің Қорғаныс министрлігі Сирия астанасы Дамасктың айналасында жасалған бітім келісімінің екі күнге ұзартылғанын хабарлады.

Ресейдің Қорғаныс министрлігі мәлімдеме жариялап, тыныштық сақтау режимінің жалғасында ресейлік және америкалық тараптардың Сирия үкіметі және осы елдегі қарсыластармен Дамаск төңірегіндегі ымыраны екі күнге ұзартуға келіскенін мәлімдеді.

Ресей Қорғаныс министрлігі мәлімдемесінің жалғасында Сирияның Алеппо аймағында ымыра орнату үшін келіссөздердің әлі жалғасып жатқанын, Латакияның солтүстігі мен Дамаск маңында да атыс тоқтату бітімінің сақталғаны айтылған.