Иран елшілігі Белучистан провинциясында жасалған лаңкестік шабуылды айыптады
(last modified Thu, 19 Jan 2023 15:37:39 GMT )
Қаң 19, 2023 21:37 Asia/Almaty
  • Иран елшілігі Белучистан провинциясында жасалған лаңкестік шабуылды айыптады

ИИР-ның Пәкістандағы елшілігі Белучистан провинциясында осы елдің 4 әскери қызметкерінің көз жұмуына әкеліп соқтырған лаңкестік шабуылды айыптап: "Терроризм – Иран мен Пәкістанның ортақ дерті",-деді.

Сәрсенбі күні лаңкестер Белучистан провинциясының Пәнджгур ауданында Пәкістан қауіпсіздік күштерінің керуеніне шабуыл жасады. Соның салдарынан 4 әскери қызметкер қаза тапты.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Исламабадтағы Иран елшілігі сәрсенбі күнгі лаңкестік шабуылды айыптап, қаза болғандардың жанұяларына көңіл айтты.

Пәкістанның Ақпарат министрі Мариям Оурангзиб те мәлімдеме жасап: "Лаңкестер Иран мен Пәкістанның қарым-қатынасын бұзуды көздеп отыр, бірақ біздің ерік-жігеріміз мықты. Лаңкестікті бірлесе жеңуге бел байлап отырмыз",-деді.