Қаң 20, 2023 21:16 Asia/Almaty
  • Иран мен Ресей арасында Решт-Астара теміржол желісін салу туралы келіссөздер қорытынды кезеңге аяқ басты

Иранның Жол және қала құрылысы министрінің орынбасары: "Иран мен Ресей арасында Решт-Астара теміржол желісін салу туралы келіссөздер қорытынды кезеңге аяқ басты",-деп мәлімдеді.

Бұл жоба Еуропа мен Азияны байланыстыру үшін Солтүстік-Оңтүстік дәлізін толықтыру мақсатында жүзеге асырылып жатыр. Бұл дәліз Әзірбайжан республикасының теміржол желісі арқылы Қара теңіздегі Батуми және Поти айлақтарына шығуға мүмкіндік беріп, Кавказ, Орталық Азия мен Еуропа елдері арасында сауда айналымының артуына жағдай жасайды.

Ресей Президентінің арнайы көмекшісі бастаған делегация 2023 жылы 18 қаңтарда Решт-Астара, Решт-Каспиан теміржол желілері мен жүк қабылдайтын Астара теміржол терминалымен танысып, Решт-Астара темір жолын салуда әріптестік жасау үшін бірқатар ұсыныс беріп, ірі транзиттік жобаны орындауға ниетті екенін жариялады. 

Тегтер