Өткен тәулікте Украина армиясы көп шығын көрді
Қаң 22, 2023 19:20 Asia/Almaty
Ресей Қорғаныс министрлігінің баспасөз өкілі: "Ресей армиясы өткен тәулікте жүргізген әскери амал барысында Украина армиясына көп шығын әкелді",-деді.
Игорь Конашенков: "Ресей күштері артиллерия мен зымыран қолданып, Донецк облысындағы Двуречье қалашығын басып алды. Соның салдарынан 50 украин сарбазы қаза тауып, жараланды. Екі сауытты көлік, үш пикап көлігі және екі Heaters D-20 және D-30 қаруы жойылды",-деп мәлімдеді.
Игорь Конашенков: "Украинаның бір МИ-8 тікұшағы Харьков облысының Лозовая ауылында және СУ-24 қырғи ұшағы Донецк облысының Владимировка ауылында Ресейдің әуе-қорғаныс жүйелері мен қырғи ұшақтары тарапынан құлатылды",-деді.